Ескелді ауданында «Жайдарман-2019» ойыны өтті
Білім және ғылым қызметкерлері Ескелді аудандық кәсіподақ комитеті және аудандық білім бөлімінің білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп, жас мамандар арасында «Жайдарман -2019» ойынын ұйымдастырды.
Аудан орталығындағы Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында өткен шараға білім ордаларынан 29 жасқа дейінгі жас мамандардан жасақталған 9 команда қатысты.
Көңілді тапқырлар алаңында қатысушылар өздерін таныстырып, «Бес жаңалық» кезеңінде педагог мәртебесі, білім саласындағы өзгерістерді және Жастар жылында жағымды жаңалықтар туралы әзілдер айтылып, «Үй тапсырмасы» сайысында ұстаз өмірінен көріністер көрсетті.
Білім және ғылым қызметкерлері Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Адия Айтбузинова, аудандық білім бөлімінің әдіскері
Ботагоз Әлімғазина, аудандық жастар ресурстары орталығының жетекшісі Серік Жолдыбаев, аудандық білім және ғылым қызметкерлері жанынан құрылған жастар кеңесінің төрағасы Қайрат Қуанышбаев, аудандық «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі Зейнегүл Жұмабекова шарада әділқазылық жасап, жеңімпаздарды анықтады.
Әзілді астарлап жеткізуде алдына жан салмай І орынды Қаратал орта мектебінен келген «Әлем» командасы, ІІ орынды Титов атындағы орта мектебіндегі «Сәттілік» командасы, ІІІ орынды Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының «Шоқанның еркелері» командасы иеленді.
Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ комитетінің дипломдары және бағалы сыйлығымен марапатталды.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-