«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ» аудандық спартакиадасы өтті
Жамбыл облысы Меркі ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» VIII аудандық спартакиадасы өтті. Жастар жылына орай ұйымдастырылған дәстүрлі спорт додасының басты мақсаты - білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып спортты насихаттау, қолдау көрсету.
Спорттық шараның ашылу салтанатында спартакиаданың алауы жағылып, барлық қатысушылармен флешмоб өткізілді. Бастауыш ұйымдардың командалық шеруі өтіп, аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым, кәсіподақ төрайымы Мадина Асанжанова, спорт ардагерлері мен ардагер ұстаздар жарыстың сәтті өтуіне тілек білдіріп, қатысушыларды жігерлендіре түсті.
Ауданның спорт сүйер ұстаздары 15 наурыздан бастап волейбол, кіші футбол, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі бойынша аймақтық кезеңде бәсекеге түсті. Іріктеу кезеңдері аяқталған соң спортшылар армрестлинг, жеңіл атлетика, асық ату, кір тасын көтеру бойынша бәсекеге түсіп, мықтыларды анықтады. Жалпы аудан бойынша спартакиадаға 680 білім қызметкерлері қамтылды. Жарыс жеңімпаздары облыстық спартакиаданың ақтық кезеңіне жолдама алып, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Перизат БАҚЫТ
-
Фото
-