«Спортты серік еткен - Жастар»спорттық тузизм жарысы
Жастар жылында жас мамандарға көңіл бөлінуде. Аға буынның салған дара жолын жалғаушысы, арқа сүйері болған бүгінгі күннің жастары қай жағынан алсақ та белсенді. Оның ішінде ұстаздар қауымын ерекше атап өткен жөн.
Білім және ғылым қызметкерлері Текелі қалалық кәсіподақ филиалының жанындағы жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Спортты серік еткен - Жастар» спорттық туризм жарысы өтті.
Шараның мақсаты -жастар арасында туризмді ары қарай дамыту, өзара тәжірибелерімен бөлісу, салауатты өмір салтын туризм арқылы көпшілікке насихаттау болып табылды.
Оған Текелі қалалық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Құрманова, Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының директоры Самат Жанбырбаев, білім және ғылым қызметкерлері Текелі қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Асан Тұрсынғалиев және 7 команда қатысты.
Жарыстық ашылу салтанатында өңірдегі мекеме басшылары қатысушыларға сәттілік тілесе, мектеп оқушылары мың бұралып билеп, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Қалалық мектептердегі 18-29 жас аралығындағы ұстаздар іріктеліп, 2 ұл және 2 қыздан команда жасақталды.
Спорттық туризм жарысының ережесіне сәйкес қатысушы командалар өздерін таныстыру, жасанды рельефте жасалған бақпақтан, көлденең орналасқан кедергілерден өту және азимуттарды анықтау сынды кезеңдерден өтіп, өзара бақтарын сынады.
Жарыста бағы мен бағы келіскен №6, №8, №3 орта мектептерден келген командалар үздік үштікті бөлісті. Жеңімпаздарға қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Асан Тұрсынғалиев дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-