"Наурыз нұры" фестиваль-байқауы өтті
2019 жылдың 30 наурызында Жастар жылы аясында дəстүрлі түрде білім саласының жас мамандарына арналған "Наурыз нұры" фестиваль-байқауы өтті. Үш номинация бойынша жүргізілген байқауға 180 адам қатысып, жүлдегерлер диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль барысында қайырымдылық жəрмеңкесі ұйымдастырылып, түскен 110 436 теңге қаражат Ақтөбе облысы Қобда ауданының кішкентай тұрғынының емделуіне жұмсалады. Байқауға аудандық кəсіподақ комитеті демеушілік жасады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ