ӨЛКЕ ТАРИХЫНА ТАҒЗЫМ
Ағымдағы жылдың 27 наурызы күні Атырау облысы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының РМҚК Ғылыми кеңесінің мәжілісі өтті. Басқосуда музей-қорықтың аймақтағы мекемелермен, оның ішінде білім беру ұжымдарымен байланысын күшейту мәселесі қаралды. Бұл бағытта Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбөкешевтің айтуынша, оқушылар жазғы демалыстарында «Жазғы мектеп», «Екі апта ауылда», «Ата-ана жұмысында 10 күн», «Туған елге тағыз» сынды әлеуметтік-зерттеу тәжірибелерін жүргізіп келеді. Жиында сөз сөйлеген «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Сүндетұлы болашақта осы бағдарламалар аясында облыс оқушылары мен ұстаздары орта ғасырлық Сарайшық тарихи орнын кеңінен зерттеу мен насихаттау ісіне жұмыла кірісетіндігіне сендірді.
Орынгүл МАХМУДОВА, журналист