Сыр ұстаздарының ХІІ «Наурыз шапағаты» дәстүрлі өнер фестивалі
Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28 наурыз күні Н.Бекежанов атындағы драма театрда ұстаздардың дәстүрлі «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі өткізілді.
Биылғы «Наурыз шапағаты» фестивалі Жастар жылы аясында ұйымдастырылып, байқауға 35 жасқа дейінгі жас ұстаздар қатыстырылды. Байқаудың негізгі мақсаты: білім қызметкерлері арасында көркемөнерпаздар ұжымдарымен жеке өнерпаздардың өнерін әріптестер арасында кеңінен насихаттау, олардың орындаушылық шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау, музыкалық шығармалардағы түрлі жанрлардың дамытылуын мақсат етіп, жас ұстаздар арасындағы танылмай келген тың есімдерді, дарынды жастарды анықтау болатын.
Қызылорда қаласынан және аудандардан 2500-ден астам ұстаздар 9 түрлі жанр бойынша өнер көрсетіп, қорытынды гала-концертке 300 көркемөнерпаз қатысты. Өнер додасында жеке дауысты әншіден бастап, үлкен құрамдағы хорға дейін, жеке музыкалық аспапта орындау, үлкен құрамдағы түрлі оркестрлер, көркемсөз оқу, өлең оқу, қолөнер көрмесі және басқа да жанрлар қамтылған.
Байқау барысында Қармақшы ауданының «Ұлы дала ұрпақтары», «Илигай», орыс билері - жетекшісі Жадыра Алпысбаева, Шиелі ауданы №50 мектебінің жас ұстаздары «К.Jenkins «Adiemus» хор, Сырдария ауданының мұғалімдері «Мерекем сен», «Туған жер» әндері, Арал ауданы өнер мектебінің баянистер триосы Поппури, жергілікті ұстаз-композитор, Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Раманның «Сыр» әні балалар музыка мектебінің оқытушысы Ақбота Отаралиева, виолончельде Әуез Асылбектің орындалуында және т.б тамашаланды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілеп, лауреттарды марапаттады.
Қызылорда облысы
-
Фото
-