Наурыз - еңбек пен татулықтың мерекесі
Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналды. Жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Білім қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті де жылдағы дәстүр бойынша Наурыз мерекесін атап өтуде. Кәсіподақтар үйінің алдында қазақтың салт-дәстүрі бойынша ән айтылып, терме тартылып, сәбидің тұсауы кесілді. Киіз үйде жайылған ақ дастарқаннан кәсіподақ ардагерлері, қонақтар дәм татып, мерекелік тілектерін ақтарып, ақ бата берілді. Ел саясатына үлесін қосып, арнайы қонақ ретінде облыс бойынша 80 кәсіподақ жанұяларына Наурыз мейрамына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік дастархандарына азық-түліктен жинақталған (25 кг.-ұн, 10 кг-күріш, 5 л.- май, шәй, 1- қораб алма, тәттілер) «Наурыз қоржыны» тапсырылды.
Наурыз береке-бірліктің, ізгіліктің, татулықтың, қайырымдылықтың, кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мейрамы отбасыңызға бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Облыстық кәсіподық комитеті
-
Фото
-