КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бір топ көпбалалы отбасылардың шаңырақтарына барып, қайырымдылық көрсетті.
Тараз қаласында тұратын Ақтоты Абдрахманова, Лаура Рзабаева, Әйгерім Сағындықовалардың отбасында болған Кәсіподақ төрағасы аналарды алдағы мерекелерімен құттықтап, қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік толы себеттер сыйлады. «Кәсіподақтар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға баса мән береді. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын көпбалалы аналар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету жобасын үзбей жалғастыру жоспарымызда бар», – дейді Ерұлан Мағзымбеков.
Қайырымдылық көмек алған көпбалалы аналар кәсіподақтарға ризашылықтарын жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі.
«Еңбекші»-ақпарат
-
Фото
-