"Табиғатты аялайық" атты аудандық байқау өтті
15 - наурыз күні 2019 жыл "Жастар жылы" деп жариялануына орай Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бейнелеу өнері, еңбек пəні мұғалімдері арасында "Табиғатты аялайық" атты аудандық байқау өтті. Байқауға 25 - білім мекемелерінің ұстаздары қатысты. Байқау екі кезең бойынша өткізілді. "Табиғат тіршілік көзі" атты сурет байқауы жəне "Таза болса табиғат, аман болар адамзат" атты қол өнер бұйымдары байқауы. Жарыс жеңімпаздары аудандық əдістемелік орталығы жəне кəсіподақ ұйымының дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ