Павлодар қ. практикалық семинар-тренинг өткізілді
«Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы»ҚБ филиалының бастамасымен Павлодар қаласының Білім беру бөлімімен бірігіп 2019 жылғы 9 наурызда еңбек қатынастары туралы заңнамадағы өзекті мәселелері, ұжымның дамуын басқару процесінде мектеп басшысының эмоционалды ақыл-ойын қалыптастыру, педагог мәртебесі туралы заңды қабылдауды нормативтік реттеу мәселелерін талқылау бойынша қаланың жалпы орта білім беру мекемелерінің басшыларына арналған практикалық семинар-тренинг өткізілді.
Павлодар облысы бойынша еңбек басқармасының басшысы А. Қ. Қапанов білім беру саласындағы еңбек қатынастарын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзекті диалог өткізді. Білім беру мекемелері басшыларының сұрақтарына еңбек шарттарын жасасу және бұзу, тәртіптік жаза қолданудың заңдылығы, еңбек демалысын беру, емдік жәрдемақы төлеу мәселелері бойынша жауаптар берілді.
Кадрларды қайта даярлау орталығының психологы И. В. Ксюнина табысты жетекшінің эмоциялық дағдылары иерархиясының практикалық элементтерін қалыптастыру бойынша практикалық тренинг өткізді: эмоцияларды сәйкестендіру («адамдарды оқи білу»), эмоцияларды пайдалану (эмоцияларды тапсырмаларды шешуге сауатты бағыттай білу), эмоцияларды түсіну (эмоциялардың пайда болу себептерін анықтай білу және эмоциялық сценарийлерді болжай білу) және эмоцияларды басқару (эмоциямен әрекет ете білу), барлық деңгейдегі басқарушыларға тиімді командалар құруға, сауатты басқарушылық шешімдерді жоспарлай және қабылдауға мүмкіндік беретін техникаларды табысты меңгеру.
Басшылардың назарына Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы», «Кейбір заңнамалық актілерге педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту туралы» заң жобаларының Тұжырымдамалары таныстырылды.
Семинар-тренинг Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және жаңартылған стандарттарды енгізу жағдайында мектеп басшыларының басқару мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
ҚБ филиалының төрағасы"Павлодар қалалық кәсіподақ
білім беру қызметкерлерінің ұйымы»Сеитова С. Ш.
-
Фото
-