БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ Т.ЖАРОКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕБІНІҢ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА «КЕЛІНІ ЖАҚСЫНЫҢ КЕРЕГЕСІ АЛТЫН» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында салт-дәстүрге деген ұлттық рухты қалыптастыру, ақылына көркі сай келіндеріміздің өнерін, іскерлік қасиеттерін насихаттау мақсатында "ЖББ Т.Жароков атындағы ОМ" КММ-сі бастауыш кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен "Келіні жақсының керегесі алтын" атты келіндер сайысы оздырылды.
Байқауға қатысушы келіндер 4 түрлі кезең бойынша бақтарын сынады. Мектепте ұстаз, үйде келін боп өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген келіндер, әр сыннан да сүрінбей өтіп, озып шыққаны бас жүлдені иеленді.
Әділқазылар алқасының шешімімен орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Асем Хаменова бас жүлдеге ие болды. Ал, қалған барлық байқауға қатысушы келіндерге – Альбина Досжанова (физика пәнінің мұғалімі) - "Заманауи келін", Эльмира Мақсотова (қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі) - "Он саусағынан өнері тамған келін", Асель Хамзина (биология пәнінің мұғалімі) - "Парасатты келін", Ақманар Рахметова (өзін өзі тану пәнінің мұғалімі) - "Ақылына көркі сай келін", Бибинур Есетова (бастауыш сынып мұғалімі) - "Ізетті келін", Зергүл Өтемісова (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі) - "Инабатты келін" номинациялары бойынша марапатталды.
Байқауға қатысушыларға бастауыш кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Мектеп ұжымының әкімшілігі кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараның көптің көңілінен шығып, мереке қарсаңында жақсы көңіл – күй сыйлағаны үшін өз ризашылықтарын білдірді.
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнәр Хаирлиева
-
Фото
-