
8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Спорттық ойындар-көңілді сергітеді» волейболдан жарыс
2019 жыл 7 Наурыз күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы, Құрық селосының аудандық спорт мектебінің және Құрық орта мектеп гимназиясы спорт залдарында 8- Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай Қарақия ауданына қарасты мектеп ұжымдары арасынан қыз-келіншектер командалары құрылып, аудандық мәдениет және спорт, білім бөлімдері және білім қызметкерлері кәсіподағының Қарақия аудандық филиалы бірлесіп волейболдан жарыстар ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында білім саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді, 8-Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, оларға жеңіс тілеп қолдау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы К.Даурбаев пен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Д.Атағараев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.Баймбетова қатысып, Қазақстан Республикасының Гимнімен жарыс ашылды.
Жарысқа №1, №2, №11 мектептер, аудандық спорт мектебі, Құрық орта мектеп-гимназиясы, кешкі жұмысшы жастар орта мектебі, облыстық санаторлық мектеп-интернаты және «Жетыбай», «Мұнайшы» командалары әр ұжымнан 10 қыз-келіншек қатысып, өздерінің спортқа, салауатты өмір салтына деген қызығушылықтары мол екенін, ұжымдардың бірлікте жұмыс жасайтынын көрсетті.
Жарыс барысында 2 топқа бөлініп 2 залда ойын ойнатылды. Ойын өте қызықты өтті, қыздар белсене қатысып, нәтижесінде І орынды «Мұнайшы», ІІ орынды «Қарақия аудандық жастар мен жасөспірімдер спорт мектебі», ІІІ орынды «Құрық орта мектеп-гимназиясы» жеңіп алды, дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Белсенді қатысқан үшін мереке қарсаңында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушылардың барлығына дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Қарақия аудандық филиалының төрайымы Бақтыгүл Тналиева
-
Фото
-