
ШКО-да «Болашақ жастардың қолында» атты кәсіби байқау өтті
ҚР Президентінің 2019 жыл – Жастар жылы бастамасын қолдай отырып, № 15 «Рахат» балабақшасында жас педагогтар арасында «Болашақ жастардың қолында» атты кәсіби байқау өтті. Байқауға қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Ж. Айтбаева, қалалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.А. Кузнецов, «Дарын» РҒПО директоры Ж.А. Оразгалиева, № 8 «Мирас», № 18 «Еркетай» және № 4 «Сәулетай балабақшаларының директорлары қатысты.
Байқау 4 кезеңмен өтті: «Ал, кәнекей танысайық», «Қол өнері», «Өнерлі өрге жүзеді» және «Білікті маман – Ел тірегі». Қатысушылар өздерінің кәсіби қызметтерінің әртүрлі қырларын көрсете оырып, қонақтарды шеберлігі мен таланттарымен таң қалдырды. Бас жүлдеге ие болған тәрбиеші Лукпанова Инкар Нурлубекқызына Гран-При дипломы, жеңімпаздың мүсіншесі, қалалық кәсіподақ ұйымынан ақшалай сыйлық және «Жас келін» атты Республикалық байқауға шақыру тапсырылды. Басқа қатысушылар дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
-
Фото
-