
«Кәсіподақ ұйымдарындағы есептілік» облыстық семинар
2019 жылдың 11 наурыз күні Кәсіподақтар орталығы конференц залында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен филиалдар төрағалары және есепшілерімен облыстық семинар өткізілді.
Семинарда кәсіподақ ұйымдарындағы шығыстарды жоспарлау, есептілік, 100 формадағы декларацияны оның қосымшаларын құру, басқа да қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға толық тұшымды жауаптар берілді. Семинарды жүргізіп отырған модераторлар - Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Инна Викторовна Муха және шақырылған кеңесші, тәжірибелі өз ісінің маманы, атом өнеркәсібі салалық қызметкерлері кәсіподағының бұрынғы бас есепшісі - Лариса Васильевна Лазерева болды.
Семинар өте қызықты, тартымды , жоғары деңгейде өткізілді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің хатшысы
-
Фото
-