«Білім мекемелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің заңдық негіздері» тақырыбындағы республикалық семинар өтті
2019 жылдың 11 наурыз күні «Білім мекемелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің заңдық негіздері» тақырыбындағы республикалық семинар өтті. Семинар жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары Мукашева Айгүл Мақсатқызы мен Салалық кәсіподақтың еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Алиев Батыр Алиұлы қатысты. Семинарда білім мекемелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметі, оның негізгі міндеттері мен құқықтары туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Б.Алиев баяндама жасады. «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасына байланысты, техникалық инспекторды штатқа кіргізу туралы және тағы басқа да сұрақтар қойылып, А.Мукашева мен Б.Алиев тиянақты жауаптар берді. Семинар жұмысына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, мекеме басшыларының орынбасарлары, кадр бөлімінің қызметкерлері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, барлығы 83 адам қатысты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-