Көп балалы аналарды марапаттау шарасы
2019 жылдың 11 наурыз күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көп балалы педагог-аналарды қолдау мақсатында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова ашып, кәсіподақ мүшелерін көктем мерекелерімен құттықтап, дәстүрлі түрде педагог-аналар марапатталатынын атап өтті. Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары Мукашева Айгүл Мақсатқызы мен Салалық кәсіподақтың еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Алиев Батыр Алиұлы қатысты. Салтанатты шара барысында А.Мукашева білім қызметкерлерін көктем мерекелерімен құттықтап, салалық кәсіподақтың жалпы атқарып жатқан жұмысы туралы баяндама жасады. Облысымыздың білім беру саласында еңбек еткен, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иелері, көп балалы аналар – 13 кәсіподақ мүшесі Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен және әрқайсысы облыстық кәсіподақтың 100000 теңгелік Сертификатымен марапатталды.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіподақ мүшелері де қатысты. Оның ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы мен бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшесі Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен, 16 қызметкері облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Салтанатты шараға барлығы 120 кәсіподақ мүшесі қатысты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-