Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті отырысы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының Атқару комитетінің 2019 жылға І-ші мәжілісін, облыстық кәсіподақтың төрайымы Тарбия Баймбетованың төрағалығымен өтті. Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, «Болашақ» жастар кеңесінің, Кәсіподақ филиалдарының төрайымдарымен төрағасы қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша 2018 жылдық есептің сараптамасы және келісім комиссиясының сапалы жұмысы туралы аппарат мамандарының мәліметтері тыңдалды; екінші мәселе 2019 жылға арналған «Қазақстандық салалық білім және ғылым ызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-і және «Болашақ» кеңесінің жұмыс жоспары бойынша облыс төрайымы Тарбия Анайбекқызы мен «Болашақ» жастар кеңесінің төрайымы Кульчикова Алима таныстырды; үшінші мәселеге 2018 жылғы шығыс және кіріс сметасының орындалуы, кәсіподақ бюджетінің 2019 жылға арналған сметасын бекіту туралы, Маңғыстау обл. кәсіподақтың бас есепшісі Муха Инна Викторовна мәлімдеді.
2019 жылға есеп – беру сайлау науқанын өткізу туралы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауына қатысатын үміткерлерді қатыстыруға дайындық жұмыстарын белсенді жүргізу тапсырылды.
Атқару комитеті жиын барысында сала қызметкерлері кәсіподақ мүшелері мен жастарға Наурыз айындағы шараларға тоқталып өтіп, арнайы Қаулы қабылдады.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» баспасөз маманы
-
Фото
-