Жастар жылын қолдау мақсатында білім саласының кәсіподақ мүшелері арасында облыстық «Денсаулық» спартакиадасының іріктеу жарысы ұйымдастырылды
Бұл шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жастарға қолдау көрсету және кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру мен бірлігін нығайту, білім және ғылым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев, бас маман Марина Темиргалиевалар жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасының ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Ұйымдастырылған спорттық – көпшілік шараға облыстық білім беру мекемелері мен қалалық мектептер, қалалық колледждерден құрылған құрама командалары, яғни барлығы 22 құрама командалар қатысып, спорттың волейбол, үстелді теннис ойындарынан бақ сынасты.
Спартакиаданың ережесіне сәйкес, облыстық білім беру мекемелері арасынан волейболдан І орын – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп – интернат кешені, ІІ орын – облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені, ІІІ орын – облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат кешені иеленді.
Ал, үстел теннисінен І орын – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп – интернат кешені, ІІ орын – облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені, ІІІ орын – облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат кешені иеленді.
Екі күнге созылған аймақтық «Денсаулық» спартакиадасының қорытындысында жалпы командалық І орынды – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп – интернат кешені, ІІ орынды – облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені, ІІІ орынды – облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат кешені құрама командалары жеңіп алды.
Волейбол ойынының үздік ойыншылары Алихан Батырғалиев (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп – интернат кешені), Кенжеғали Аманшин (Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат кешені), Жоламан Аккойшиев (Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені).
Жарыс кезінде ерекше көзге түскен Тимур Ғатау, Нұрсәуле Беккішева (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп – интернет кешені), Ерлан Сахановтар (облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат кешені) үстел теннисінің үздік ойыншылары атанды.
Қалалық мектептер арасындағы волейбол және үстел теннисі ойындарынан № 14 ЖОББМ командасы І орын, № 48 ЖОББМ командасы ІІ орын, № 30 ЖОББМ командасы ІІІ орын иеленді.
Ал, жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық І орын – № 14 ЖОББМ-і, ІІ орын – № 48 ЖОББМ-і, ІІІ орын – № 30 ЖОББМ-і иеленіп жеңіске жетті.
Қалалық мектептер арасында үстел тенисінен үздік ойыншылар Асылбек Набиев (№ 34 МГ), Құрманғазы Хайрушев (№ 21 ЖОББМ), Гүлдария Қуанышқалиева (№ 41 ЖОББМ), Гүлбахрам Касимова (№ 40 ЖОББМ), волейболдан үздік ойыншылар Ержан Есенгалиев, Гамзат Дюсенов (№ 33 ЖОББМ), Мейіржан Тұраров (№ 22 ЖОББМ), Нұрлан Саттықов (Серебряков ЖОББМ), Талғат Умаров (Круглозерный ЖОББМ), Халима Максутова (№ 37 ЖОББМ).
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен жыл сайын кәсіподақ мүшелері арасындағы «Денсаулық» спартакиадасы қалалық колледждер арасында да ұйымдастырылып, олардың ішінде волейбол және үстел теннисінен құрама командалар жасақталып жарысқа белсенді қатысты.
Нәтижесінде, волейбол ойынынан І орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі, ІІ орын – Политехникалық колледжі, ІІІ орын – А.Иманов атындағы жол – көлік колледжі иеленді.
Үстел теннисінен І орын – А.Иманов атындағы жол – көлік колледжі, ІІ орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі, ІІІ орын – Сервис және жаңа технологиялық колледжі иеленіп, жалпы командалық есеп бойынша Орал «Сервис» технологиялық колледжі – І орын, А.Иманов атындағы жол – көлік колледжі – ІІ орын, Орал политехникалық колледжі – ІІІ орын алды.
Колледждер арасында үздік деп танылған ойыншылардың ішінде волейболдан – С.Бисемалиев (Сервис және жаңа технологиялық колледжі), А.Илашев (Жоғары аграрлық техникалық колледжі), М.Бралиева (Сервис және жаңа технологиялық колледжі), үстел теннисінен – Р.Мухамбеткалиев (Жоғары аргарлық техникалық колледжі), Н.Чукуров (Орал «Сервис» технологиялық колледжі), А.Бердашева (Сервис және жаңа технологиялық колледжі).
Білікті төрешілердің саралауы бойынша жеңіске жеткен құрама командалар мен спортшылар арасынан анықталған үздік ойыншылар заттай сыйлықтар, дипломдар мен грамоталармен марапатталды.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-