Кәсіподақтағы батыр аналармен кездесу
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсыңында «Ана - тіршіліктің тірегі» атты салтанатты жиын өткізді. Жиынға 51 "Алтын алқа, 151 "Күміс алқа" иегері атанған алтын құрсақ аналар қатысты. Мақсат: көпбалалы аналарды дәріптеу, мадақтау. Алқалы жиынды Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің мүшесі, қаланың өсіп өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген ардақты ана, кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Гүлжан Әсілбайқызы ашып, кәсіподақтың белсенді мүшелері білім саласында басшы қызмет атқарып жүрген 1. Примжанова Тамара Мамашевна М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп – гимназиясы, 2. Утеуова Гулнара Кумиртаевна №22 жалпы орта мектебі, 3. Азретбергенова Жанил Жарылхасыновна №23 жалпы орта мектебі 4. Ибадуллаева Рая Серикбаевна М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің директорлары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісін табыстады. Осы төс белгі Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дийметова Дильбар Абдуразаковнаға да табысталды. Бүгінгі құрмет, бүгінгі гүлшоқтары Сіздерге арналады деп жүргізуші хабарлағаннан кейін 202 аналарға гүлшоқтары табысталды. Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жамболова Дүйсенкүл Жамболқызы мен Қалалық әйелдер алқасының төрайымы Мұстафаева Ұлжан Әбенқызы да "Алтын құрсақ" аналарды құттықтап ыстық лебіздерін білдіріп, кәсіподақ белсенділерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасын»
1. Орынбаева Жанил Анишовна №9 Некрасов атындағы мектеп – гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына
2. Есетова Салтанат Махамбетовна«Балдырған» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі
3. Абдираманова Гульназ Бакбергеновна«Көркем» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі
4. Айтбенбетова Ұлжалғас Тулебайқызы«Алтын сақа» балабақшасының меңгерушілеріне
табыстады.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Турманова Диана Абайқызы батыр аналарды мерекесімен құттықтап, кәсіподақ комитетінің заттай сыйлығын "Алтын алқы", "Күміс алқа" иегерлері 202 анаға тапсырды. Төраға
1. Абдумауленова Гүлрайхан«Келешек» санаториялық бөбекжайының,
2. Зайтханова Зилола«Шамшырақ» балабақшасының,
3. Вапаева Дилноза«Шамшырақ» балабақшасының,
4. Сейтбекова Айнұр«Мереке» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілерін және
5. Шарафиддинова Дилафруз
«Тажиниса ана» балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімін Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мақтау қағазымен марапаттады. «Алтын алқа» иегері «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Райымбаева Айсара Маткаримқызы және «Күміс алқа» иегері №9 Некрасов атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі Сәбден Баян Қасымқызы сахна төріне шығып шынайы алғыстарын білдірді. Әрбір құттықтау сөзден, марапаттан кейін концерттік бағдарлама, жиын соңы Ш.Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнін жиынға қатысушы аналармен бірлесе отырып орындауда жиын өз мәресіне жетті.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фото
-