8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмір өзегі» атты мерекелік салтанатты шара
Қызылорда облыстық білім басқармасымен Білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Ана –өмір өзегі» атты мерекелік салтанатты шара 04.03.2019 жылы Қызылорда қаласы «Каир» мейрамханасында өтті. Шараға білім саласында қызмет атқарып жүрген 150- ге жуық Алтын алқалы аналар қатысты.
Мерейлі мерекенің алғашқы құттықтау сөзін аймақта білім саласының мәртебесін көтеріп, рухани қолдау білдіріп жүрген облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы бір қатар аналарға облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және жас аналарға Елордасы Астана қаласына туристтік саяхатқа жолдама тапсырды.
Жауапкершілікті әркез ұғынатын, ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбегін аямайтын, жұмысының жемісін көріп, шаршамай еңбек етіп жүрген бір қатар Аналарымызды Облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы Алғыс хат және ардақты аналарға Түркістан облысында орналасқан «Таң Нұры» шипажайына жолдама тапсырды.
Кәсіподақ билікпен қарапайым халықтың арасын жалғаушы алтын көпір. Алтын алқалы аналарды білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Байназарова Райкүл Мансурқызы марапаттады.
8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік салтанатта облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы марапаттады.
Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Жаппарбергенова Зульфия
-
Фото
-