Ескелді ауданында «Ісіне көркі сай» байқауы өтті
Ағымдағы жылдың 1 наурызында білім және ғылым қызметкерлері Ескелді аудандық кәсіподақ комитеті және жанынан құрылған жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Ісіне-көркі сай» атты байқау өтті.
Шараға аудандағы білім ордаларынан 19 ұстаз қатысты. Байқау таныстыру, сұрақ-жауап, арнайы дайындалған тапсырмалар сынды кезеңдерден тұрды.
«Мен Ұлы Даланың аруымын» атты алғашқы сайыста арулар бейнероликтер жасап, ұлттық нақышта киімдер киіп, ән арқылы өздерін таныстырса, «Эрудит» кезеңінде қатысушылар интернет желісі арқылы салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Соңғы «Жасырылған импровизациялық тапсырмалар» кезеңінде жас мамандар экранда көрсетілген ұяшықты таңдау арқылы берілген тапсырмаға пародия келтірді.
Байқау ережесіне сәйкес әділқазы алқасы әр кезеңді жеке бағалап, үздіктерді анықтады.
Бағы мен бабы келісіп, бас жүлдені Н. Алдабергенов атындағы орта мектебінің ұстазы Ақмарал Әлібаева иеленді. Титов атындағы орта мектебінің ұстазы Ұлай Нұрболат, Мелькомбинат негізгі орта мектебінің ұстазы Жұлдыз Молбаева, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің ұстазы Марал Ахметова үздік үштікті бөлісті. Ескелді аудандық кәсіподақ комитеті атынан жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Ал, қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік олдағы
Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-