«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» атты жас педагогтар байқауы
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың ІІІ Республикалық байқауының қалалық кезеңі Елбасының Жолдауындағы Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары барысындағы жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және жас педагогтардың инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында білім бөлімінің ұйымдастыруымен және қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподағының қолдауымен өткізілді.
Байқауға білім беру мекемелерінің өтініш берген үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар 26 жас педагогы қатысып, өздерін әр түрлі қырынан 3 кезең бойынша («Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу , – «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру және 5-8 сыныптарда өткізген сабағы арқылы) көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Мусанова Альмира Жумабековна иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Байқауға қатысушылар грамоталармен марапатталып, ІІІ, ІІ орын алған жүлдегерлерге ақшалай сыйлық және І орын мен Бас жүлде алған жүлдегерлерге Семей қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының тарапынан Алакөл демалыс базасына сертификат берілді.
Мусабеков Ербол