Жетісуда партия күні жоғарғы деңгейде аталып өтті
Бүгін «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай бас партияның Алматы облыстық филиалы салтанатты шара ұйымдастырды. Оған мекеме басшылары, партия белсенділері мен ардагерлері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, партияның 20 жыл ішінде атқарған жұмысын, жеткен жетістігін мақтанышпен айтты.
Шарада Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, партия ардагері Садық Әбдіқадыров партияластарын мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлына «Құттықтау хатын» табыс етті.
Айтулы мереке күні партия қатары 20 жаспен толықты. Партия ардагерлеріне салтанатты мерекеде 20-жылдық логотип бейнеленген арнайы қолсағаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-