ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Дәл осы тақырыппен ағымдағы жылдың 21-22 қаңтар күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және «Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп Исатай, Құрманғазы аудандарында кәсіподақ кадралары мен белсенділерін оқытуды ұйымдастырды. Көшпелі семинарда мемлекеттік инспекцияның бас маманы Сырбай Жанесенов Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сай бюджеттік мекемелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға арналған, салалық кәсіподақ ұйымының заңгері Юля Айбосынованың келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру туралы мазмұнды баяндамалары тыңдалынды. Семинарға Исатай ауданынан – 80-нен астам, Құрманғазы ауданынан – 100-ден астам мектеп директорлары, шаруашылық меңгерушілері, техникалық инспекторлар және келісу комиссияларының төрағалары қатынасты.
Жиын барысында тыңдаушылар тарапынан болған көкейтесті сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері қапреге алынды. Бір атап өтерлігі, көпшілік үшін жергілікті жерлерде өткізілген семинарға басқада бюджеттік мекемелердің (денсаулық сақтау, мәдениет, жергілікті әкімшілік т.б.) қызметкерлері қызығушылық танытты.
Басқосуды қорытындылаған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқтала келіп, елімізде қызу талқыға түскен «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы аясында сөз етті.
Орынгүл МАХМУДОВА, Атырау облысы
-
Фото
-