
Зайсан ауданындағы шаңғы жарысы
23 ақпан 2019 жылы Қаратал ауылында Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің арасында шаңғыдан жарыс өтті. Жарысты ұйымдастырудың мақсаты аудан халқы арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, денсаулығы жоғарғы тұлға етіп тәрбиелеу, шеберлігін дамыту. Негізігі мақсат ауданда кенжелеп қалған шаңғы спорт түрін жандадыру арқылы таза ауада серуендеу.
Жарыс төрт топқа бөлініп 35 жасқа дейінгі (әйел,ерлер) және 35 жастан жоғары ( әйелдер,ерлер) сайысқа түсті.
Жарыс соңында жүлдегерлер, белсенділік танытқандар арнайы қаржылай және мақтау қағаздарымен марапатталып, барлық қатысушылар түскі аспен қамтамсыз етілді.
-
Фото
-