Көксу жастары флешмоб ұйымдастырды
Білім және ғылым қызметкерлері Көксу аудандық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «Жалын» жастар Кеңесінің мүшелері «Жастар жылы - жаңа леп, жаңа толқын» флешмобын ұйымдастырды. Флешмобқа білім саласының жас мамандары қатысты.
Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жастар Кеңесінің мүшесі Айдана Сұраншы өткен жылы Көксу ауданына қарасты білім саласында жұмыс істейтін 300-ден астам ұстаздың ішінен белсені жастар іріктеліп, Кеңес мүшелігіне еніп, жұмыс жоспарында бекіткені және араға уақыт салып, жас мамандарға арналған түрлі шараларда ұйымдастырылған айтып өтті. Сонымен қатар, бұл үрдісті жалғастырып, 2019 жылы да ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ ниетте екенін жеткізді.
Ал, білім мекемесінің басшысы Фарида Әбдірайымова Елбасының Жолдауында «2019 жыл-Жастар жылы» деп жарияланғанын жеткізіп, жастарды құттықтап, Қазақстанның болашағы жастарға жылы лебізін білдіріп, жаңа идеоларды жүзеге асыратындарына сенім білдірді.
Жас мамандар артылған сенімді ақтайтындықтарын айтып, патриоттық әндерге флешмоб билеп, көпшіліктің көңілінен шықты.
Бұндар шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Д. Нүсіпова,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық
ұйымына қарасты Көксу аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фото
-