
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"
2019 жыл - Жастар жылы аясында Ақтөбе облысы Қобда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі ТалдысайОМ-нің негізінде ағымдағы жылдың 7-ші ақпанында өтті. Олимпиаданың мақсаты:жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және əлеуеттік шығармашылығы-ның дамуына жағдай жасау,білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Олимпиадаға 11мектептен 17 жас маман қатысты. Олимпиада 3 кезеңде өтті.Олимпиада қорытындысы бойынша Бас жүлде-санаторийге жолдама және 6 жүлделі орын анықталды. Аудан намысын облыстық олимпиадада ТалдысайОМ, И.Білтабанов ат.ОМ, Қобда ОМ, ЖарықМББ-ның жас мамандары қорғайды. Жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің және Қобда аудандық білім беру қызметкерлерінің кəсіподақ комитетінің дипломдарымен және кәсіподақ тарапынан жолдама мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ