Соғысының ардагерлеріне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді
Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің және «Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30- жыл толуына орай» 15 ақпан күні «Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ауған соғысының ардагерлеріне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
«Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30- жыл толуына орай» ұйымдастырылған іс-шараны Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Мақтаарал ауданы маслихатының аппарат басшысы Е.Салимов, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері Б.Даулетбайұлы және Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің директоры Б.Абиловтар құттықтау сөздерімен ашып, ауған соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап, Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің арнайы дайындаған алғыс хатымен бірге сыйлықтарын табыстады.
Мерекелік шараға барлығы 12 ауған соғысының ардагерлері қатысып, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады және 12 ауған соғысының ардагерлерінің 5-і білім саласының қызметкерлері.
-
Фото
-