Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы бір күн
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық ұйымының бастамасымен әр айдың үшінші жұмасында дәстүр бойынша «Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы бір күн» шарасы өтеді.
15 ақпан күні аталмыш шара аясында Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары Л.Сағынғалиқызы, Г.Омарова және А.Арымбаева Текелі қаласындағы кәсіптік колледжіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысып, оң баға берді.
Бастауыш ұйымының төрайымы Мұқашева Бақытгүл Адимбекқызы 2018 жылы есеп беру–сайлау жиналысында сайланған. Қоғамдық бірлестіктің мамандары кәсіподақ ұйымының төрайымына іс-қазағдарын талаптарға сай жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, сала қызметкерлері жұмысының тұрақтылығы ұжымдық шарттың мазмұнына байланысты екендігін түсіндірді.
Колледж Текелі қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беретін жалғыз оқу орны. Іргетасы 1971 жылы қаланған оқу орны аймақтың экономикалық дамуын қамтамасыз етуде, жұмысшы мамандар даярлау мен қайта даярлау ісіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан колледж.
Бүгінгі күні еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшы мамандарды даярлауда 90 ға жуық ұстаз нәтижелі еңбек етуде.
Алматы облыстық кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-