ҚАЛАМДАРЫН ҚАРУҒА АЛМАСТЫРҒАН...
Түркістандағы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті Ауған ардагерлерін ұлықтауды бүгінде дәстүрге айналдырған. 10 жыл көлемінде айтулы датаны ұмыт қалдырмай, білім саласында еңбек етіп жүрген ардагер ағаларымызға құрмет көрсету мақсатында түрлі ісшаралар ұйымдастырады. Одан бөлек жыл сайын 2 ардагерді 100% жеңілдікпен, 2 ардагерді 30% жеңілдікпен демалу-сауықтыру шипажайларына жолдама беріп отырады. Биылғы 30 жылдық басқосуды да ерекше леппен өткізді. Кәсіподақ комитетінің оқу әдістемелік орталығында өткен іс шараға білім саласында еңбек етіп жүрген 11 ауған соғысының ардагерлері қатысты. Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбай Қожабаев бастаған, өнер саласында қызмет етіп жүрген Арыстан Ахметов, №3 Әмір-Темір атындағы жалпы орта мектебінен Закир Абдураимов, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясынан Тайржан Умаров, №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясынан Жақсылық Жантілес, №20 жалпы орта мектебінен Ғайрат Абдурашитов, №31 мектеп бала-бақшасынан Нұрмахан Адырбеков, «Амангелді» жалпы орта мектебінен Тілес Ақай, «Ұлықбек» жалпы орта мектебінен Гафуржан Бабаханов, «Саз мектебінен» Асан Исмаилов, Абдиразақ Керімбеков №17 Ата-Түрік атындағы жалпы орта мектебінен келген ардагерлерді мерекелік салтанатқа жиналған кәсіподақ белсенділері ерекше ілтипатпен қарсы алып, ортаға жайғастырды. Белгісіз соғыстың құрбаны болған боздақтарды бір минут еске түсіріп, тарихтың таңбалы бетінен орын алған соғыс жайында бейнеролик көрсетілді. Ауған соғысы ардагерлерін құттықтау сөз және марапаттау «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Қилыбай Бақытжан Қилыбайұлына берілді. Құттықтау сөзден кейін «Ұстаз мерейі – ел мерейі» атты Республикалық журналистер арасындағы байқауға белсене қатысқан Ақмарал Ғаниқызын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Алғыс хатымен», «Шапағат» мүгедекер қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтанға, өнер саласында көп жылдар қызмет атқарып жүрген Арыстан Ахметовке, ауғандық ардагерлер Ғайрат Абдурашитов пен Нұрмахан Адырбековке «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» қызметкер төсбелгілері табысталды. Ардагер Закир Абдураимовты, Жақсылық Жантілесті «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Түркістан қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Абайқызы бүгінгі кездесудің жас ұрпақтар үшін патриоттық тәрбиенің бастауы екендігін, қаруларын қаламға айырбастаған, кеудесін оққа тосқан арагерлердің еңбегі ерең екендігін айтты. Ардагерлерді кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Жат жерде жолдасынан айрылған, бейбіт күнде соғыс өртіне оранған майдангерлерді атқару комитетінде қызмет атқарып жүрген уақытында Гүлжан Әсілбайқызы жат жерден келген қаралы хабарды азаматтарымыздың жанұясына жеткізудегі қайғы қасіреттің куәгері болған, жылаған ананың көз жасын көрген, «Ұлым қайда деп аңыраған» ананың қайғысына ортақтаса білген бүгінгі таңда сол қайғымен қасіреттің табы жүрегінен кетпеген ана ауған соғысы ардагерлерінің ерекше еңбегін дәріптей отырып қаржылай, заттай сыйлықтармен марапаттады. Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбай Қожабаев, «Шапағат» мүгедекер қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтан, ардагер ұстаз, зейнеткер «Керемет» мектеп балабақша кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Маханов Ыбрайхан сөз алып кәсіподақ комитетіне арнайы ұйымдастырылған іс шара үшін алғыс сезімдерін жеткізді. Білім саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Міндетбаевбата тілегін білдірді. Кездесу соңы патриоттық әндерге, концерттік бағдарлама ұласты.
Ақмарал Ғаниқызы
-
Фото
-