Ескелді ауданында Пленум өтті
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымына қарасты Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес Пленум отырысын өткізді.
Қарабұлақ ауылындағы Н. Алдабергенов атындағы орта мектепітің мәжіліс залында өткен жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары толық қатысты.
Шараны аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Адия Айтбузинова жүргізіп, жиынның күн тәртібімен таныстырды. Онда «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасына, комиттердің жаңа жылға қойған мақсаты мен міндетіне тоқталып, 2019 жылдың бюджеті қаралып, ұжымдық шарттың орындалуы бойынша төрағалардың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Адия Хафизқызы баяндама жасады.
«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында ұстаздардың мәртебесін өсу үшін заң қабылдауды тапсырыл еді. Заңға кәсіподақ мүшелерінен ұсыныстар жинақталып, жоғарғы органдарға жолданды. Енді білім ордаларында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жобасы талқыланып жатыр. Ұстаздардың жұмысына қажетті бөлімдер қамтылды. Алдағы уақытта Заң күшіне енсе, жұмысымыз жанданатынына сенімдімін», - деді кәсіподақ басшысы өз сөзінде.
Жиын барысында Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің 2018 жылы атқарылған жұмысы да назардан тыс қалмады. Комитет құрамындағы 2260 кәсіподақ мүшесіне арнап семинарлар, кездесулер, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жарияланғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, Пленумда ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы Қаратал орта мектебі мен Қарабұлақ орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары есебін берді. Қоғамдық бірлестіктің 2019 жылға арналған бюджеті бекітіліп, комитеттің ішкі жұмыстары қаралды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-