• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Қазақстандық салалы…

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының есеп беру – сайлау конференциясы өтті


2019 жылғы 17 қаңтар күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының XXI есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Облыстық конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 117 делегаттың 113-і қатысты. Облыстық кәсіподақ конференциясына делегаттар сайлауда облыстық кәсіподақ ұйымына мүше аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының, облыстық кәсіподақ кеңесіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдік етуі қарастырылған. Қазір облыстық кәсіподақ ұйымы құрамында 126 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі, 1214 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 18 аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері бар.
Облыстық кәсіподақ конференциясына Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары Одағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы, облыстық білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Түркістан облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Мағзымбеков, шақырылғандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы ашып, жүргізіп отырды.
Конференцияның күн тәртібі:
1.Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық комитетінің 2014-2018 жылдардағы жұмысы туралы есебі.
2. Облыстық кәсіподақ ұйымы тексеру комиссиясының есебі.
3. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасын сайлау.
4. Облыстық кәсіподақ комитетінің құрамын сайлау.
5. Облыстық кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясын сайлау.
6.Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағының XIV съезіне делегаттар сайлау.
Облыстық кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы Б.Еркінбектің есепті баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттау және түсіндірме жүргізу жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақтардың ролін күшейту және жетілдіре түсу, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін қазіргі уақыт талабына сай жүргізу, олардың мұқтажына дер кезінде көңіл бөліп, уақтылы шара қолдану жөніндегі жұмыстары және алдағы міндеттер атап көрсетілді. Облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарту және белсенділігін көтеру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары, келісім комиссиялары, өндірістік кеңестер, ұжымдарда еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыстар сараланды, кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттер айтылды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің есепті баяндамасын, облыстық тексеру комиссиясының баяндамасын талқылау жөніндегі жарыссөзде Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Шымкент қаласы №1А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, Қазақстанның Еңбек Ері А.Р.Соловьева, жол-көлік колледжі кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Ешимов, ОҚМУ ректоры Д.П. Қожамжарова, облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов, облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Б.Бекжанов, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағының төрайымы М.Т.Амантаева сөйледі. Конференция қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.
Конференцияда жаңа мерзімге облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметіне Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлын сайлады. Конференцияда 35 адамнан облыстық кәсіподақ комитетінің, 5 адамнан тексеру комиссиясының құрамдары, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағының XIV cъезіне делегаттар сайланды.
Жарияланған күні: Қаң. 18, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты