Көксу ауданында семинар өтті
Бүгін Көксу ауданына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Кәсіподақ ұйымындағы құжаттардың рәсімделу тәртібі» атты семинары өтті.
Аудан орталығында орналасқан М.Құрманов атындағы №2 орта мектебінің мәжіліс залында өткен семинарға 40 бастауыш ұйымдардың төрағалары қатысты.
Шарада бастауыш ұйымның төрағасы Назгүл Беркімбаева сөз алып, 2018 жылдың қыркүйек -қазан айларында барлық кәсіподақ ұйымдарында жиналыс өтіп, төрағалардың біразы ауысқанын хабардар етіп, кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарына тоқталып, Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының жасап берген іс номенклатурасына сәйкес құжаттардың дұрыс тігілу ретін түсіндіріп берді.
Сонымен қатар, слайд түрінде хаттардың дұрыс рәсімделуін көрсетіп, бес жылдық тәжірбиесімен бөлісті.
Жаңадан сайланған төрағалар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынып, жиын барысында еркін пікір алмасты.
Білім және ғылым қызметкерлері Көксу аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Дина Нүсіпова бастауыш кәсіподақ күніне орай әр айдың 3 аптасында шаралар ұйымдастырылып, бұндай семинарлар алдағы уақытта жалғастырмақ ниетте екенін жеткізді.
Шара соңында қатысушылардың барлығына нұсқаулық кітапшалар таратылды.
Дина Шаяхметқызы,Білім және ғылым қызметкерлері
Алматы облыстық кәсіподақ ұйымына қарасты
Көксу аудандық комитетінің төрағасы
-
Фото
-