• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Тереңкөл ауданының …

Тереңкөл ауданының білім қызметкерлер кәсіподағының XХ есеп беру-сайлау конференциясы


11 қаңтарда Тереңкөл ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ХХ есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» бас маманы А. Арынова, аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Аятова және осы айтулы шараға шақырылған делегаттар, ардагер ұстаздар қатысты.
Конференцияға қатысушылар алдында білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы А. Умарова 2014 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылға дейінгі атқарылған жұмыстардың есебін берді. Бүгінгі күні білім беру саласында 37 бастауыш кәсіподақ ұйымында 1752 кәсіподақ мүшесі жұмыс атқарып отыр. Нарықтық қатынастарға өту кезінде педагогтарды әлеуметтік қорғау - тікелей кәсіподақ ұйымының басты міндеті болып келеді. Ауданда кәсіподақ ұйымына көмек ретінде 20-дан аса әдістемелік және нұсқаулық материалдар шығарылған.
Ұжымдық келісімшарттарда біршама жеңілдіктер енгізілген. «Әлеуметтік кепілдік» деген бөлімде әйелдердің және басқа да тұлғалардың еңбектерін реттейтін салмақты нормалар көрсетілген Қоғамдық жұмыстарда жүрген қызметкерлерге: әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мүшелеріне, техникалық инспекторларға және маңызды, жедел жұмыстарда жүрген қызметкерлерге (аспазшы, техникалық жұмыскерлерге) демалысқа қосымша төленетін демалыс күндері қарастырылған. Педагогтармен білімдерін арттыру курстарында өту кезінде іссапар шығындарын төлеу мәселесі облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Наурызбаеваның басқаруымен оңтайлы шешімін тапты. 2019 жылға педагогтарға отын шығындарын өтеуге 3 АЕК көлемінде қарастырылған. А.Умарова бұл соманың аз екендігін және бұл бағытта жұмысты жалғастырып, залда отырған мәслихат депутаттарынан қолдау күтетіндігін айтты.
Биылғы жылы еліміздің шипажайларында 21 адам денсаулықтарын нығайтып келген. Ардагерлер де бұндай шаралардан тыс қалмайтындығы айтылды. Ауданымызда қызмет атқарып, қазіргі таңда облыс орталығында және өзге де қалаларда тұрып жатқан ардагер ұстаздарға да әрқашан көмек көрсетіліп келуде. Жыл сайын спорттық ойындардан мұғалімдер арасында спартакиада өткізіліп келе жатыр. Облыстық жарыстарда аудан командасы үнемі жүлделі орындар ие болуда. Ауданда зейнеткер мұғалімдердің «Жалын-Огонек» арнайы клубы жұмыс жасап келеді. Олардың жұмысы көпке үлгі. Сондай-ақ жас мұғалімдер арасында Жас мұғалімдер Кеңесі құрылып, жас мамандарды қолдап, ұстаздық еңбек жолында дұрыс жол көрсетіу бағытында жұмыстар жасалып келуде. Осындай атқарылған жұмыстар есебін конференцияға қатысушылар жаппай мақұлдады.
Жарыс сөзге шыққан Байқоныс ОМ кәсіподақ төрайымы М. Сулейменова, Береговой ОМ директорының м.а. А.Шабанбаева, Ынталы НМ кәсіподақ төрағасы А.Құсмиденов, Федоровка ОМ жас маманы М. Оразаева білім беру саласындағы кәсіподақ ұйымдарының атқарып отырған қызметтері туралы ойларымен бөлісті. Конференция жұмысында тексеру комиссиясының осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды, жаңадан комиссия мүшелері сайланды. Конференция жұмысына қатысушылар ашық дауыс беру арқылы Тереңкөл ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасын сайлауда делегаттар бірауыздан А Умароваға дауыс берді. Облыстық конференцияға қатысатын делегаттар сайланды. Конференция жұмысына қатысқан Павлодар облыстық кәсіптік одағы ұйымының бас маманы А. Арынова «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және оңтайландыру барысында туындаған мәселелерді атап өтті. Жиын соңында марапаттау рәсімі өткізілді.

Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы
Жарияланған күні: Қаң. 17, 2019
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты