• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Алматы қалалық спар…

Алматы қалалық спартакиада


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні— тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайтаегемендіел болған күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан бүкіл әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды. Бұл заманалық оқиға – халқымыздың ұрпақтарының орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.
Осыған байланысты, «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы 16 желтоксан 2018ж., Алатау ауданының №26 жалпы білім беретін мектебінде, беру мекемелері қызметкерлері арасында волейбол, үстел теннисі және шахмат ойындары бойынша қалалық спартакиада өткізді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесін атап өтумен, сонымен қатар сала қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау, еңбек ұжымдарының бірлігі, дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамыту, еңбекшілер арасында науқастану деңгейін төмендету мен еңбекке қабілеттілікті арттыру, кәсіподақ мүшелерін бұқаралық спортқа баулу болып табылады.
Ашылу салтанаты, сапта тұрған командаларды құттықтау сөзі мен мемлекеттік ту көтеріліп әнұран орындаумен басталды. Арнайы дайындалған музыкалық құттықтау қабыл алған қатысушылар, жоғары көңіл күйде, белгіленген топ бойынша спорттық залдарға ұмтылды.
Спартакиадаға Алматы қаласының 8 ауданынан волейбол, үстел теннисі және шахмат ойындары бойынша 1 командадан жиналған, жалпы саны 100 астам адам қатысты.
Әйтсе де бәйге болған соң топты жарып келетін жеңімпаздары да болады. Қызықты, ұзақ және қарқынды ойындар барысында, тәуелсіз және құзыретті төрешілердің бірауыз әділ шешімімен келесідей жеңімпаздар анықталды:

Волейбол бойынша
І орын Алатау ауданының командасы;
ІІ орын Наурызбай ауданының командасы;
ІІІ орын Бостандық ауданының командасы.

Үстел теннисі бойынша
І орын Бостандық ауданының командасы;
ІІ орын Алмалы ауданының командасы;
ІІІ орын Алатау ауданының командасы.

Шахмат бойынша
І орын Медеу ауданының командасы;
ІІ орын Алатау ауданының командасы;
ІІІ орын Бостандық ауданының командасы.

Жалпы командалық есепте
І орын Алатау ауданы;
ІІ орын Бостандық ауданы;
ІІІ орын Медеу ауданы.

Жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен, ал жүлдегер командалар құнды сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. Үздік деп танылған ойыншылар ерекшеліктеріне сай белгіленген дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық және қалалық спартакиаданы өткізуге қатысты (жеңімпаздарды марапаттау, безендіру және төрелік), жалпы соммасы бір миллион тенге болған шығындарды «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподағы мен оның аудандық филиалдары толығымен өзіне алды.
Қалалық «Ұстаз» кәсіподағы жүлдегерлердін бәрін зор табыстарымен құттықтап шығармашылық табыстар тіледі және де арнайы келіп әділ төрешілік жасаған қазылар алқасы мүшелеріне үлкен алғысын білдірді.
Қатысушылар осындай үлкен іс-шараны ұйымдастырған «Ұстаз» кәсіподағына алғыстарын білдіріп, мейрамға айналған спартакиданы дәстүрлі етіп өткізіп отыру ұсыныстарын айтты.

«Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті
кәсіптік одағының төрағасы Қ.Т.Назарбетов
Жарияланған күні: Жел. 21, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты