• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Елімнің бақытын тер…

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!


«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай аудан көлеміндегі білім мекемелерінде Түркістан облысы, Жетісай аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бірнеше іс-шаралар өтті.
«Еңбек» жалпы орта мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, мектептің БКҰ төрайымы К.Исмаилованың бастамасымен «Желтоқсан оқиғасы туралы үздік көрініс» байқауы өткізілді. Пән бірлестіктерінен құралған топтар арасында өткен сайыс тартысты да қызықты, мазмұнға бай өтіп, көпшілік көңілінен шықты. Қазақ тілі пән бірлестігі І, тарих пән бірлестігі ІІ, ал бастауыш сынып пәні бірлестігі жүлделі ІІІ орынды иеленді.
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде Тәуелсіздік күніне орай пән бірлестіктері арасында шикізат көрмесі өткізілді. Кәсіподақ мүшелері алдын-ала жеребе тарту арқылы анықталған материалдар – темір, платмасса, ағаш, қағаз, фетр, картон т.б. шикізат түрлері арқылы Тәуелсіздік күніне қатысты түрлі орнамент, заттар мен құралдар дайындап бақ сынасты. Өте жоғары деңгейде өткен шара туралы «Санұр» телеарнасында хабарланып, мектеп басшысы Ғ.Шукурбаева мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбековтердің арнайы сұхбаттары берілді. Тартысты да мазмұнды өткен ерекше байқауда бастауыш сыныптар пән бірлестігі жеңімпаз атанса, ағылшын тілі пән бірлестігі екінші орынды қанағат тұтты, ал тарих және география пәндері бірлестігі жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды.
Тәуелсіздік мерекесі І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде де лайықты атап өтіліп, кәсіподақ мүшелері мерекеге орай «Әрбір ұстаз – бір жұлдыз» ұранымен «Екі жұлдыз» өнер байқауында бақ сынасты. Мектеп басшысы С.Шаулиеваның өзі бастап қатысқан байқау қызықты да тартысты өтті. Әр жұп мектеп әкімшілігі мен ұстаздардан құралып, тек ән айту емес, білімі мен тапқырлығы бойынша да сынға түсті. Сайыстың бірінші кезеңінде жұптар мақал-мәтел айту мен түрлі педагогикалық жағдаяттан шығу бойынша өнер көрсетсе, екінші кезеңде еркін тақырыпта ән айту арқылы жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. Соңғы сәтте ұпайлары бірдей болып тең түскен екі жұп тек қосымша тапсырма арқылы ғана жеңімпазды анықтады. Тартысты да қызықты өтіп, көпшіліктің қолдауы астында өткен байқауда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбековтың төрағалығымен құрылған қазылар алқасы М.Үкібаев пен З.Юсупова жұбын екінші орынға лайық деп тапса, Н.Лесбеков пен С.Шаулиева тобына бас жүлдені тарту етті.
Айтулы мереке Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінде де ерекше өтіп, мектеп ұжымы оқушылармен бірге атсалысып тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында ұстаздар мен оқушылардың орындауында еліміздің Тәуелсіздігіне байланысты әндер шырқалып, әсем билер орындалды. Сонымен қатар, оқушылардың қатысуымен Тәуелсіздік тақырыбына қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, онда шәкірттеріміз туған өлке тарихы мен еліміздің Егемендігі туралы өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Жас өнертапқыштарымыздың жоғары талғаммен жасаған бұйымдары көпшілік сүйіспеншілігіне бөленіп, аса үлкен қызығушылықтарын тудыра білді. Іс-шараны мектеп басшысы М.Сапарханов қорытындыласа, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы ұйымдастырушыларды арнайы Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар ұсынды.
Тәуелсіздік мерекесіне орай тағы бір айтулы шара Қазыбек би ауылдық округіне қарасты мектептер арасында өткізілді. Кәсіподақ мүшелерінен құралған командалар спорттың волейбол түрінен өткен байрақты бәсекеде бақ сынасты. Барлығы 6 команда қатысқан турнирде №16 жалпы орта мектебі І орынды иеленсе, «Түркістан» жалпы орта мектебі ІІ орын, ал Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің командасы ІІІ орынға лайық деп танылды. Жеңімпаз бен жүлдегер командалар және турнирдің үздік ойыншылары мен төрешілері аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Жарияланған күні: Жел. 19, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты