• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Желтоқсан күніне са…

Желтоқсан күніне салтанатты шара


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай ағымдағы жылдың 13 желтоқсаны күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен білім және ғылым саласында көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін облысымыздың үздік ұстаздарына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өтті.
Шараға Ақтөбе облысы аймақтық кәсіподақтар Орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы қатысты.
Салтанатты шарада облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Серікова Ақтөбе облысы аймақтық кәсіподақтар Орталығының Алғыс хатымен, зейнеткер ұстаз К.Баксикова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Н.Сабенова Астананың 20-жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Көп жылдар бойы білім саласында еңбек етіп, білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс төс белгісімен Ырғыз ауданы №1 қазақ орта мектебінің тарих және қоғам тану пәндерінің мұғалімі Ә.Сулеймен, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Мырзабекова марапатталды.
Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жетістіктері үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының ұсынысы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 2 қызметкері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының және 14 қызметкері облыстық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен мерейлі жасқа толып жатқан әлеуметтік серіктес – Шалқар ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Ү.Хасенова, Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Г.Байменшина мен есепшісі Ж.Гизатова да марапатталды. Барлық марапатталушыларға облыстық кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйақы табысталды.
Сонымен қатар Қазақстан шипажайларында облыстық кәсіподақ ұйымының есебінен демалу Сертификаттарымен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің 7 қызметкері, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің 2 ұстазы, «2018 жылғы Қазақтан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Үздік еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы – Хромтау тау-кен техникалық колледжінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы М.Биржанов, Ақтөбе гуманитарлық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Булебаева марапатталды. «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының ұжымына және «Өрлеу» педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтының ұжымына қаржылай көмек Сертификаттары ұсынылды.
Шараға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, ұстаздар, барлығы 65 кәсіподақ мүшелері қатысты, соның ішінде 35 кәсіподақ мүшесі түрлі марапаттарға ие болды.

«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
Жарияланған күні: Жел. 14, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты