Ойыл ауданы Ақшатау орта мектебінде Тәуелсіздік мейрамына байланысты мұғалімдер арасында волйболдан жарыс өтті
13 желтоқсан күні Ойыл ауданы Ақшатау орта мектебінде Тәуелсіздік мейрамына байланысты мұғалімдер арасында волйболдан жарыс өтті. Жарыс өте тартысты, қызықты болып, ұжым арасында ауызбіршілік нығая түсті. Ойын қорытындысында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының атынан алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
14 желтоқсан күні Ойыл аудандық психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік-ел бақыты» тақырыбында ашық сабақтар, ертеңгіліктер өткізді. Шараға белсене қатысқан оқушылар мен ата-аналар ұжымға өз алғыстарын білдірді. Мерекелік шара соңында мұғалім-логопед М.Жаңбыршина, мұғалім-психолог Б.Байниязовлар білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының атынан алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-