«Үздік химия пәні мұғалімі - 2018» байқауы өтті
13-желтоқсан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының демеушілігімен Ақтөбе қаласы №24 ЛМГ базасында білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын білікті мұғалімдерді анықтау және қолдау мақсатында ауыл мұғалімдері арасында «Үздік химия пәні мұғалімі - 2018» байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Қобда ауданы Қобда гимназиясының химия пәні мұғалімі Кундаев Санат Туремуратович Бас жүлдені иеленіп, шипажайға жолдама алды. Балық жүлдегерлер мен конкурсқа қатысушылар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының сыйақыларымен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-