• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БЕС ЖЫЛ: ЕСЕП ПЕН М…

БЕС ЖЫЛ: ЕСЕП ПЕН МІНДЕТ


Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымының Байзақ аудандық комитетінің кезекті V есеп беру-сайлау Конференциясына Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, ардагер ұстаздар Мұқажан Қалабаев пен Гүлнар Қосымова, аудандық мәслихат депутаттары, білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және делегаттар қатысты. Есепті жиынды ашқан аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Елнұрбек Ермеков қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өткесін көпшілік дауыспен Конференцияның жұмысшы органдары сайланып, өту реті бекітілді.


Маңызды жиында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Елнұрбек Ермеков білім ордаларында Елбасының Жолдауы жан-жақты талқыланып, ұстаздар қауымының қолдауына ие болғанын жеткізіп, баяндамасын кәсіподақтың жұмысымен сабақтастырды.Елнұрбек Сайланбекұлы есепті мерзімдегікәсіподақ жұмысын жан-жақты ашып көрсетіп,оның ішінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы міндеттер мен құқықтардың қорғалуы, екіжақты келісімдер, еңбек заңнамасының сақталуы, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру сынды көкейкесті мәселелерді қозғады. Тексеру комиссиясының төрағасы Жақсылық Тайшыбеков кәсіподақ қаржысының мақсатты жұмсалуы бойынша жұртшылыққа өз есебін ұсынды.


Баяндамаларды талқылауға Ғани Мұратбаев атындағы гимназия директоры Мұхит Нәметқұлов, кәсіподақтың аудан бойынша аймақтық құқықтық еңбек инспекторы Ләззат Айтқұлова, Жаңатұрмыс орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Мейірбекова, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Шары Абдурасилов шығып, өз салаларына қатысты атқарылған жұмыстары туралы баяндай келе аудандық комитеттің 2014-2018 жылдары атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген бағаларын берді.


Білім мекемелеріндегі еңбек заңдылығының бұзылуы, жұмыс берушінің қызметкерге ескертпестен қызметін ауыстыруы, сыйақы беру мәселелері, білім қызметкерлеріне коммуналдық төлемдер үшін берілетін қаржының көлемі, жалпы білім қызметкерлерінің кәсіподақ жүйесінде орын алып отырған бірқатар кемшіліктерді кезек күттірмей шешу керектігін, кәсіподақ ұйымдарының басшылары алдағы уақытта осы мақсатта жұмыла жұмыс істеуі қажеттігін айтқан Ерұлан Сәбенұлының төрағалық етуімен қаралған үшінші мәселеде бірауыздан Елнұрбек Ермеков білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің төрағасы болып қайта сайланды. Комитет жұмысын алдағы 5 жылда бұдан әрі жандандырып, еңбек адамдарының құқығын қорғауда жемісті еңбек етеді деген сенімге ие болған Елнұрбек Сайланбекұлы делегаттарға өз алғысын білдірді.


Конференция соңымарапаттаурәсімінеұласты. Онда«ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымқызметкерлерікәсіподағынасіңіргенеңбегіүшін»төсбелгісіменҮлгілі орта мектебінің директоры ФазылШаухаровмарапатталды. Білім беру жүйесіндамыту мен жетілдіругеқосқанелеуліүлестеріжәнеауданныңқоғамдықөмірінебелсенеатсалысқанбірқатар сала өкілдерінеҚазақстандықсалалықбілімжәнеғылымқызметкерлерікәсіптікодағыұйымыныңҚұрметграмоталарытабысетілді. Сондай-ақ, кәсіподақтажемістіеңбекеткенқызметкерлер мен мерейжасынакелгенбілімсаласыныңөкілдерінеаудандықкәсіподақкомитетініңсыйлықтарытабысталды.


Мұхтар МАНЕКЕЕВ
Жарияланған күні: Жел. 11, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты