Ақтөбе облысы Темір аудандық Шұбарқұдық гимназиясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауын насихаттау мақсатында кәсіподақ төрағалары мен ұстаздарға кездесу өткізілді
Кездесуде Темір аудандық Жастар ресурстық орталықтың басшысы Ы.Аяшов, Қопа жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Сүгірова, №4 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ерғалиева елбасының халыққа жолдауында айтылған мақсат,міндеттерге тоқталды. Білім беру,ғылым іздеу,денсаулық мәселесі,халықтың сапалы тұрмысы салиқалы өмір және оның қауіпсіздігі осы басымдардың арқауы болды.Әсіресе," педагог мәртебесі туралы" заңды енгізу ұстаздар қауымы үшін қуанарлық деп жолдаудағы елбасының өткір-өткір ұсыныстары айтылды.Елбасы жолдауының соңында "...халық сенімі рухымызды жігерлендіреді...сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!"деп тәмәмдалды. Олай болса, ел сенімі бәрімізге ортақ!
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ