• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒ…

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ


Ұстаз жолы – ұлы жол. Бақыттың бастауы білімде екені бізге бұрыннан белгілі. Сондықтан ұстаздық жолды үлкен өнер жолы деп бағамдасақ, мұғалімдердің біліммен қатар, өнерде де өзіндік орындары бар екені түсінікті. Осы орайда аудандық Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының VII аудандық фестивалі болып өтті.
Білім саласында көркемөнерпаздық шығармашылықпен айналысатын қызметкерлерді анықтау, кәсіподақ ұйымының беделі мен шығармашылық белсенділігін көтеру, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру мақсатында өткізілген фестивальға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев, аудан ұстаздары және ұстаздық қырынан бөлек, тұла бойына білім мен өнер қатар тұнған ауданымыздағы 17 мектептен 140 мұғалім қатысты. Сондай-ақ, фестивальға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы, алқа төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бастаған қазылар төрелік етті.
Дәстүрге айналған шаттық шалқыған кештің сахна шымылдығы Жамбыл мектеп-гимназиясы ұжымынан құрылған хордың орындауындағы А.Қоразбаевтың «Егемен Қазақстан» әнімен түріліп, осы орындауда А.Асылбековтің сөзіне жазылған Н.Еспановтың «Жаңа ғасыр - Қазақстан» әні сахнаның әрін әрмен қарай арттыра түсті. Мұнан соң балалар мен жасөспірімдер орталығының ұстазы Бектұр Оңалов Майлықожаның термесін қос ішекті қасиетті қара домбырада нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар балалар саз мектебінің ұстаздарынан құрылған фальклорлық ансамбль Құрманғазының «Адай», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйлерін шабыттана орындап, Е.Хасанғалиевтің «Айналдым елім» әнін тамылжыта шырқады.
Мұнан соң өнер ұжымдары көркемсөз оқу, вокал, хореография, драма өнері, ансамбль, оркестр жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салып, сахна төрінде салтанат құрды. Әсіресе, №1 орта мектеп директоры Нүркен Пернебаев бастаған ұстаздар қауымының «Мұқағали» атты тақырыпта қойылған драмалық көрінісі өнер сүйер қауымның көзайымына айналды. Сондай-ақ, «Бақыт құсы» биін мың бұрала билеп, көпшіліктің қошеметіне ие болған Жамбыл мектеп-гимназиясының ұстаздары алдағы уақытта облыста өтетін гала-концертке жолдама алды.
Қойылған шығармалары лед-экрандағы бейне көріністер тақырыбымен астасып жатқан тамаша кештің өнерпаз ұстаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Уалихан ЖАЙЛАУ
Жарияланған күні: Қар. 29, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты