• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН…

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІН ӨРКЕНДЕТУГЕ АТСАЛЫСУЫМЫЗ ҚАЖЕТ


Қазақ тарихы, Қазақстанның тарихы кеше басталған жоқ. Қаншама ғасырларды артта қалдырған Ұлы даланың тарихында ұлтымыздың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, таңбалы тарихы қалыптасты. Ол туралы бұған дейін тек отандық ғалымдар ғана емес, әлемнің білікті тарих зерттеушілері де өз жазбаларында жазып қалдырды. Біздің салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз, ата-бабаларымыз қалыптастырған символдар күні бүгінге дейін жетіп, тек өз халқымызға ғана емес, әлем халықтарының тұрмыс-тіршілігін қалыптастыруда да үлкен рөл атқаруда.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында негізінен қазақ халқын әлемге танытқан құндылықтарға тоқталғанын байқауға болады. Елбасының өзі осы мақалада айтқанындай, бұл өткен жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаланың жалғасы екендігін айтпай-ақ аңғаруға болады. Елбасы бүгінгі мақалада ұлт тарихындағы материалдық мәдениетке баса назар аударған. Халқымызда ежелден қалыптасқан атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, қазақ халқының тарихын зерттеуге зор мүмкіндік беретін «Алтын адам», түркі әлемі туралы, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақ туралы ойлары өте орынды және өз уақытында айтылған ойлар деп қабылдаймыз. Бұлардың барлығы біздің ежелгі мәдениетімізді, тарихымызды, өндірісіміз бен ұлттық мақтаныштарымызды сөйлетіп тұр.
Елбасы бұл мақала арқылы тек тарихымыз бен мәдениетімізді еске түсіріп қана қоймай, алдағы уақытта оны одан әрі өркендету, жетілдіру мақсатында жариялап отырғанын түсінуіміз керек. «Тарихын білмеген болашағын болжай алмайды» дегендей, біз өз өткенімізді біліп қана қоймай, өз құндылықтарымызды қадірлей білуіміз керек. Сонда ғана Елбасы межелеген отыз елдің қатарына тек экономикамызбен ғана емес, ұлттық болмысымызбен, құндылықтарымызбен ене аламыз. Бұл орайда Елбасының бастамаларын қолдап, іске асыруға еліміздің әрбір тұрғыны, оның ішінде киелі Түркістан топырағының жұртшылығы дайын деп ойлаймын.


Гүлжан Әсілбайқызы ӘСІЛБАЕВА,
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі,
Еңбек ардагері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы

Жарияланған күні: Қар. 22, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты