• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Шығыс Қазақстан обл…

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Мектептің бір ғасырлық мерейтойы


Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылында орналасқан білім ұясы кезінде Шөже мектебі деп аталған. Кейін М. Горький атындағы негізгі мектебі атауына ие болды, жаңа ғимаратқа көшіріліп, Ғадас Салықов есімі берілді. Жүз жыл уақыт ішінде мектеп ұжымы үлкен ізденіс пен шығармашылықтың арқасында білім беру саласында өзінің нақты орнын таба білді. Ұлағатты, ғибратты тарихы бар бұл алтын ұя жасөспірімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды рухани жағынан жетілдіру жолындағы өз міндетін абыроймен атқарып, аудандағы атаулы мектептердің біріне айналды. Бүгін мектеп, ел ағалары болған, еліміздің әр түкпіріндегі түрлі салаларда абыроймен қызмет атқарып жүрген түлектерін орынды мақтан ете алады.
Есімі елге танымал Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов, белгілі археолог Зейнолла Самашев және ұшқыш Тоты Әмірова осы білім шаңырағында оқыған.
100 жылдық мерейтой құрметіне орай ғылыми практикалық конференция, спорттық және мәдени шаралар өткізіліп, мектеп ауласына 100 түп қарағай ағашы отырғызылды. Салтанатты мерекеге Ұлан ауданың әкімі - Н.А Сақтағанов, тарих ғылымның докторы,профессор, Қазақстан ғылымына еңбек сіңген қайраткер, Жалпы ұлттық тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері- Зайнолла Самашев, Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы - Н.Б Қасенова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары-А.О.Байжанова, Ұлан аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы - Н.Т. Садыков, Ұлан ауданының білім бөлімінің басшысы-Қ.Б.Оқасов қатысып өз құттықтауларын жеткізді. Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. Қасенова ұстаздарды құттықтап, ұжымға «Қарғалы» пансионатына тегін демалуға 10 жолдаманың Сертификатын табыстады.
«Шығыс Шапағаты» облыстық қоғам қорының директоры С. Гайсин мектептің ардагер ұстаздар О.Р Аманова, К.Сембаева, Н. Ақатаева және мұғалімдеріне Қазақстан Республикасы мәдениет министірі А. Мұхамадиұлы атынаң мақтау қағаздар мен алғыс хаттарды табыс етті.
Мектеп оқушылары жиналған қонақтарға өз өнерлерін паш етіп, концертті бағдарлама ұсынды.

Н. Садыков, Ұлан аудандық білім беру
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы
Жарияланған күні: Қар. 21, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты