Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум
Бүгін Татуластыру орталығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы ҚБ төрайымы Райкүл Мансүрқызы Байназарова мен «Татуластыру орталығының» жетекшісі Маратбек Нұртайұлы Нұржанов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум мақсаты – сотқа дейінгі және соттан тыс дау-дамай мен қақтығыстарды реттеу институттарын жан-жақты дамыту, олардың қызметтерін белсенді түрде жүзеге асыруда өзара ынтымақтастық танытып, бірлесе әрекет жасау.
Тараптар өзара ынтымақтаса отырып , төмендегідей бірлесе әрекеттер жасайды:
сотқа дейінгі және соттан тыс даулар мен жанжалдарды шешетін бітімгершілік мекемелерінің рәсімдері туралы сала қызметкерлерінің арасында түсіндірме жұмыстарды жүргізу;
бітімгершілік институтын дамытуға қатысты және басқа да өзара мүдделілік туралы мәселелерді келісіп шешу практикасы туралы ақпараттармен алмасуға;
медияция және келісу рәсімдерін дамытуға бағытталған конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, курстар және басқа да іс шараларды өткізеді.
Алдағы уақытта облыстық кәсіподақ комитеті 50 кәсіподақ төрағаларын кәсіби медиаторлық білім алуын жоспарлауда.
-
Фото
-