• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒ…

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ


Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтіп «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ» облыстық фестивалінің Жамбыл облысы Талас ауданындағы гала-концерті Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде өтті. Әбітхан Сейдахметовтың жетекшілігімен Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» және Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылған концерт тыңдарманның ғана емес қазылардың да көңілінен шықты. Келесі болып сахнада дәстүрлі әндерден композиция орындаған әншілер триосы халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш еткен, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасынан шашу шашты. Өнер мектебінің мұғалімі Айтбай Сырғабек Біржан салдың «Он саусақ», А.Байтұрсынов атындағы гимназия ұстазы Айжамал Дауталиева Шашубайдың «Ақ қайың» әнін, ал Ақкөл балалар өнер мектебінің мұғалімі Айғазы Жанғазин Молдабайдың «Молдабай» әнін мінсіз орындағанда залдағы жұрт көне әндердің көсіле шырқалған ырғағына тебіреніп отырды. Көркемсөз оқу номинациясында Қаратаудағы мектеп-лицейдің ұстазы Берікхан Анарбаев Алаш арысы Міржақып Дулатовтың «Алашқа» шығармасын оқыса, М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп мұғалімі Әділет Шоқалақов Мұқағали Мақатаевтың Шәмілге жазған хаттарынан үзінді оқыды. Балалар өнер мектебінің ұстаздарынан құралған квартет орыстың халық әні «Карабейникиді» қазақтың қобызы мен домбырасы, баян арқылы тамаша орындап шықса, Мектеп-лицейдің ұстаздарынан құралған бишілер тобының орындаған «Қамажай» биі қазылар алқасындағы би номинациясы бойынша эксперті - ЮНЕСКО ұйымының Халықаралық би комитетінің Қазақстандағы өкілі Ольга Привалованың тарапынан жоғары бағаға ие болды. «Әнсіз өмір – мәнсіз өмір» дегендей өміріміздің мәні мен сәнін кіргізетін әншілер мен композиторлар деп айтамыз. Сол айтпақшы фестивальдің сәнін кіргізген тағы бір музыкалық нөмірді Балалар мен жасөспірімдер орталығының вокал үйірмесінің педагогы Гүлфат Қалдыбекова орындады. Гүлфаттың орындауындағы Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні әннің төресі екендігін тағы бір дәлелдей түсті. Хор жанры бойынша аудан ұстаздары М.Ниязбековтың «Туған ел» және И.Нүсіпбаевтың «Жол жыры» әндерін орындады. Хор концертмейстері Әлия Рахманбердиева болса, Алтынай Дуанбекова дирижерлық жасады. Мәдениет үйінің сахнасын бір жарым сағат ән мен күйге бөлеп, халқымыздың ән қазынасын құс қанатындай әуелетіп, көрерменді таза леппен тыныстатқан концерт А.Дәулетбеков атындағы орта мектептің ұстазы Әділет Әлменнің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен тамамдалды. Қазылар алқасы ақылдаса келе желтоқсан айында өтетін облыстық гала-концертке дәстүрлі әндерден композиция орындаған әншілер мен көркемсөз оқыған шешендерді іріктеп алды.

Перизат БАҚЫТ
Жарияланған күні: Қар. 20, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты