• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕР БИІГ…

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕР БИІГІНДЕ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өтіп жатқан көркемөнерпаздар шығармашылығының VII Жамбыл облыстық фестивалі аймақтағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі – М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де өтті. Дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өтетін ұстаздардың өнер фестиваліне Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бастаған қазылар алқасы және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Концерттік бағдарлама шымылдығы Н.Тілендиевтің «Құстар әнімен» ашылды. Аталмыш шығарманы университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінен құралған хор мен хор солистері - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Арсени Бапанов пен «Машина жасау және механика» кафедрасының оқытушысы Нұрила Сапарова орындады. Фестиваль барысында «Дулати» жастар театрының режиссеры Нұрғиса Зұлпықаров Мағжан Жұмабаевтың «Жәмилә» шығармасынан монолог оқыса, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Арсени Бапанов пен «Қаржы-экономикалық бөлімнің» бухгалтері Талғат Қаңлыбаев қазақ эстрада әндерінен попурри орындады.
Фестиваль шартының бір номинациясы ретінде «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқытушы-қызметкерлері Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясынан үзінді сахналады. «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Айтибаеваның режиссерлығымен әр салада қызмет жасайтын көркемөнерпаздардың күшімен қойылған спектакльді көрермендер жылы қабылдады. Ал «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Зульфия Ахметшинаның дайындаған қазақ биі «Қара жорға» мен флешмобы, Арай Бүрлібаева жетекшілік еткен шығармашылық дамыту орталығының бишілер тобының орындауындағы «Шашу» қазақ биі және университеттің лаборатория меңгерушісі Бекжан Баешов дайындаған «Лезгинка» кавказ билері көрермендер ғана емес, қазылардың да көңілінен шықты.
«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Саят Мамешованың орындауындағы Ә.Тінәлінің «Әке» әні, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Заман Бегімбеттің орындауындағы «Жестокая любовь» әндері тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Сонымен бірге, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің вахтері Ботагөз Ізбасарова орындағын Қытайдың «Мәңгілік махаббат» халық әні қазылар алқасынан лайықты бағасын алды. Ерекше оригиналдық жанр көрсетуде студенттік телестудияның дыбыс режиссеры Әділбек Қарабеков бірнеше сиқыр көрсетіп, залда отырған әріптестерін таңқалдырды.
Фестивальға атсалысқан барлық университет оқытушылары мен қызметкерлеріне алғыс айтқан университет ректоры Махметғали Сарыбеков қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттаса, оқу орнының кәсіподақ комитетінің төрағасы Берік Хусайынов бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Перизат БАҚЫТ
Жарияланған күні: Қар. 13, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты