Жуырда Атырауда дәстүрлі жалпы мектеп мұғалімдерінің арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы ұранымен» облыстық спартакиадасы өтті
Құрамында Атырау қаласы және 7 ауданның құрамалары қатысқан 289 ұстаздар спорттың 6 түрінен сайысқа түсті. 3 күнге созылған бәсекеде жалпы командалық есеп көрсеткіші бойынша бірінші орынды – Құрманғазы ауданы, ал екінші және үшінші орындарды – Жылыой және Исатай аудандары жеңіп алды. Жарысты Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы (директоры С.Жекенов) ұйымдастырғанымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Қ.Сүндетұлы) демеушілік жасады.
-
Фото
-