• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Жолдауға – қолдау

Жолдауға – қолдау


Бүгін, қазан айының 26 жұлдызында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінде Елбасы Н.Ә.Назарбеватың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауы талқыланды. Оған филиал төрағалары, кәсіподақ белсенділері қатынасып, ашық түрде талдау жүргізіліп, пікірлер алмасылды.
Төраға Қ.Сұндетұлы өз баяндамасын: «Баршаға мәлім, тарихи құжат 6 тараудан, 24 міндеттен тұрады. Солардың ішінде басты бағыт елдің келешегі – жас ұрпақ тәрбиесі болғандықтан, біздің назарымыз осыған тереңірек ауды», – деп бастап, әрі қарай өз ойларын, тұжырымдарын ашық жеткізе отырып, Жолдаудың білім саласына беріп отырған мүмкіндіктері мол екендігіне тоқталды. Бұдан өзге: «Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының білім саласындағы көкейкесті мәселелерді білетіндігі соншалық оны әркез басты назарда ұстап отырады. Жоғары оқу орындарында маман дайындау, мектептерде шәкірттерге жүйелі кәсіптік бағдар беру, үш ауысымдық мектептерге, апаттық жағдайда тұрған білім ұялары үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды мұқият тапсырып отыр. Сондай-ақ, төменгі жалақы алатын «тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет» деді. Расында да, күн ұзаққа жас сәбилермен болатын осы топтағы қызметкерлердің ауыр еңбегін бағалар кездің келіп жеткеніне қуанбаған жан жоқ.
Еліміздің жоғары оқу орындары үшін өзгермейтін бір өлшем бар, ол – түлектердің жұмысқа орналасуы. Міне, осыған орай Президентіміз: «Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі» деп, білім ордасын бітірушілердің жұмысқа тұруы басты критерий деп орынды бағалады. Жасыратыны жоқ, бізде табыс табудың құлқына еріп қажеті бар ма жоқ па жоспарсыз маман дайындап жатқанымыз көзге ұрынады да тұрады», – деген орынды пікірлерімен де бөлісті.
Сондай-ақ, «Педагогтар мәртебесі» туралы да сөз қозғалып, білім беру саласына білімді де білікті маман керек болса, алдымен олардың еңбекақылары көтерілуі қажет деген пікірлер айтылып, бұл мәселелердің басталып жүзеге асып жатқандығы көңіл қуантатындығы тілге тиек етілді.

Орынгүл МАХМУДОВА,
Атырау облысы
Жарияланған күні: Қаз. 29, 2018
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты