Ертіс ауданының мұғалімдері арасында волейболдан Турнир
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы – қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз деп білеміз. «Тәні саудың жаны сау» демекші, салауатты өмір салтын қалыптастыруда елімізде көптеген іргелі істер қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып жатыр.
Осыған орай 2018 жылдың 19 қазан күні №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің мұғалімдері арасында волейбол турнирі өтті. Турнирге Ертіс аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап, құнды сыйлықтарымен марапаттады. Ертіс ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Айман Қасымқызы Елбасымыздың жолдауы жайында сөз қозғап,ұстаздарды ұлт саулығы- біздің қолымызда деп, жас буынды салауатты өмір сүруге өз істерімен тәрбиелеуге шақырды. Мектеп директоры Сураганов А.Ұ. құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі мектептің денетәрбиесі пәнінің зейнеткер ұстазы Кузьмин Юрий Михайлович сөз сөйлеп, спортшыларға қолдау көрсетуге келгенін жасырмай, өз тілегін жолдады. Жалпы турнирге аудан мектептері бойынша 11 команда қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша 3 орын Амангелді ЖОББМ, 2 орын №4 Ертіс ЖОББМ және 1 орынды Қосағаш ЖОББМ командасы иеленді. Орын алған командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
-
Фото
-